Орын алған оқыс оқиғаға қатысты тергеу нәтижесімен аталған мекеменің басшысы Садвақас Байғабылов таныстырды.
«Тергеу аяқталды, кешенді сараптау жүргізілді және стационарлардағы медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңінде дәрігерлердің әрекетіне баға берілді», - деді Садвақас Байғабылов.
Оның айтуынша, тексеріс медициналық қызметті көрсету тактикасы және емдік іс-шара жүргізу емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді.
«Қыздың өліміне негіз болған жүрек-қан тамыры, өкпе және орталық-жүйке жүйесі тарапынан туғаннан пайда болған ақаулары себеп болды», - деді ол.
Айта кетсек, 11 айлық баланың анасы әлеуметтік желілер арқылы дәрігерлердің салғырттық танытқандығын мәлімдеген болатын.
Өкінішке қарай, нәресте көп ұзамай жүрек ақау мен гангренадан қайтыс болды.