Қоғам

Астанадағы азық-түлік бағасы толықтай бақылауда – Жолболдиев

28 наурыз, 13:16215
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Астанадағы азық-түлік бағасы бақылауда. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев әкімдікте өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо

«Бағаны тұрақтандыру бойынша жедел штабта арнайы жұмыс тобы құрылды. Нұр-Сұлтан қаласына жеткізіліп жатқан азық-түлік және басқа да қажетті тауарлар «Әлем» және «Шарын» базарларына, «Магнум» мен «Small» сауда орталықтарына және басқа да қаладағы 2 500-ге жуық шағын дүкендердегі бағаны бақылау бойынша мамандарымыз күнделікті жұмыс жүргізіп жатыр. Жалпы, азық-түлік қорының да жеткілікті мөлшерде екеніне көз жеткізіп отырмыз. Әрине, кейбір тауар бойынша бағаның өскені байқалуда. Мысалы, картоп пен сәбіздің бағасы 20 пайызға көтерілген. Карантин жарияланған бастапқы уақытта қанттың да бағасы жоғарылаған болатын. Алайда «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы арқылы ірі сауда орталықтарына қосымша қаржы бөлініп, қазіргі уақытта баға тұрақтандырылды», – деді Б.Жолболдиев.




Наверх