Мәдениет

Астанада «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды

21 ақпан, 15:52325
фото astana.gov.kz сайтынан алынды фото astana.gov.kz сайтынан алынды

Достық үйінде «Рухани жаңғыру - ұлттық құндылықтарды жаңғырту мен бірегейлікті сақтаудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қазақтың ұмыт қалған ұлттық тағамдарын қайтадан жаңғырту мен ұлттық тағамдарды дайындау технологиясын осы заманғы әдістерге бейімдеу және оқу бағдарламаларына енгізуге күш салу мақсатында өткізілген бұл шараға білім саласының жетекшілері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлікті дамыту палатасының өкілдері, жалпы білім беретін оқу орындарының директорлары, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының басшылары, ұлттық тағамды зерттеушілер мен этнограф мамандар, мейрамхана ісінің мамандары, студенттер қатысты.

 

Шара барысында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі және қалалық Білім басқармасына қарасты №28, 30, 55 жалпы білім беретін мектептері бірлесіп дайындап жатқан «Ұмытылған ұлттық тағамдар» жобасы таныстырылды. 

Басқосуда мамандар қазақтың ұмыт болған тағамдарының бірқатарын атап, оларды қайта жаңғыртудың қажеттілігіне тоқталды. Тек табақ тарту дәстүріміздің өзінде үлкен ғылымилық жатқанын айтып, бұл күнде кежім табақ, төре табақ, бас табақ, аяқ табақ, қос табақ, сый табақ сынды табақ тарту дәстүріміздің кейбір түрлері ұмытылып бара жатқанын жеткізді. 




Наверх