Қоғам

«Астана Тазалық» жаңа техникалармен қамтамасыз етілді

18 қараша, 16:49200

Арнайы техника 2 млрд теңгеден астам қаржыға сатып алынды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

 

Жаңа техникалар қыстыгүні коммуналдық қызмет мамандарының жұмысын айтарлықтай жеңілдетеді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, «Астана Тазалық» бас-аяғы 15 автогрейдер, 20 көпфункционалды JCB шағын жүк тиегіш, 2 Massey Ferguson тракторы, 15 «Амкадор-37» қар тиегіш секілді техникалармен толықтырылды.

Жаңадан алынған техниканың басым бөлігі қысқы күндері кез келген жолды күтіп-ұстауға, атап айтқанда жол төсемдерін бір мезгілде ылғалданған немесе құрғақ қоспалармен өңдеп, қарды тазалауға арналған.





 

 




Наверх