Қылмыс және оқиғалар

«Астана РЭК» компаниясының қызметкері Арыс-Шымкент тас жолында көлік апатынан қайтыс болды

09 тамыз, 18:23145
Автор: Elorda Aqparat
Фото: m.crimea.ria.ru Фото: m.crimea.ria.ru

Арыс қаласындағы үйлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін іс-сапармен жіберілген «Астана РЭК» АҚ компаниясының қызметкері Ермек Тютюбеков жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

8 тамыз күні Арыс-Шымкент тас-жолында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан рөлде отырған Ермек Тютюбеков алған жарақатынан қайтыс болған. 

"Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тютюбеков Ермек Сейтбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. Қала әкімдігі тарапынан оның отбасына материалдық көмек көрсетіледі" делінген хабарламада.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх