Спорт

«Астана» командасы БАТЭ-дан 3:0 есебімен басым түсті

22 тамыз, 22:39144
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

«Астана» футбол клубы өз алаңында БАТЭ командасын ойсырата жеңді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

Футболдан UEFA Еуропа плей-офф сатысындағы алғашқы кездесуінде елордалық «Астана» өз алаңында Беларусьтің БАТЭ командасынан айқын есеппен басым түсті.

«Астана» командасы атынан ойын алаңына Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Лука Шимунович, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон , Дорин Ротариу, Фирмин Мубеле, Марин Томасов шықты.

Ал оның қарсыласы БАТЭ клубының намысын Антон Чичкан, Александар Филипович, Слободан Симович, Захар Волков, Алексей Риос, Евгений Яблонский, Станислав Драгун, Дмитрий Бага,  Игорь Стасевич, Эрвен Мукам және Максим Скавыш қорғады.

Алғашқы есепті «Астана» ойыншысы Юрий Логвиненко баспен соғу арқылы ашты. Екінші кезеңнен бастап жерлестеріміз есепті үстемелей отырып, нәтижесінде беларустық қарсыластарын 3:0 есебімен жеңді. Ендігі ойын 29 тамызда Борисов қаласында өтетін болады.

Қала әкімі Алтай Көлгінов twitter-дегі парақшасында футболшылар мен жанкүйерлерді құттықттады.

"3:0! "Астана" ФК мен барлық жанкүйерлерді Еуропа Лигасы тобына шығудағы бірінші матчтағы жеңісімен құттықтаймын!"

 



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх