Спорт

Елордалық клуб қарсыласын екі доп айырмасымен жеңіп жатыр

08 тамыз, 20:21161
Суретті түсірген автор Суретті түсірген автор

Еуропа лигасының үшiншi iрiктеу кезеңiнде "Астана" 2:0 есебімен жеңіп жатыр, деп хабарлайды Елорда Инфо тiлшiсi.

Алғашқы голды 9-минутта елорда командасының сапынан исландиялық Рунар Мар Сигурьонссон соқты. Ол сол қапталдан жеткен допты қарсы қақпаға дəл кɵздей бiлдi.

28 жастағы жартылай қорғаушы Рунар Мар Сигурьонссон осы маусымның басында "Астанаға" еркiн агент ретiнде тегiн келдi.

Ал кездесудiң 15-минутында қазақстандық қорғаушы Юрий Логвиненко есепті 2:0-ге жеткізді. Сол қапталдан айып добынан əуелей келген допты 30 жастағы қорғаушы басымен қақпаға дəл бағыттады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх