Қоғам

Астана бойынша ипотекалық несиенің орташа сомасы – 11 млн теңге

27 қараша, 10:53434
Сурет интернеттен алынды Сурет интернеттен алынды

Астана тұрғындары «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша несие алуға мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін берген, деп хабарлайды Елорда Инфо «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​«Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 730 миллион теңгенің өтінімі қабылданды. 27 қарашадағы жағдай бойынша, 80 қазақстандық «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша несие алуға өтінім берді. Оның ішінде сомасы 257 миллион теңге болатын 30 өтінім мақұлданды. Мақұлданған 30 өтінімнің 14-ін Астана тұрғындары берген. Қазақстан бойынша ипотекалық несиенің орташа сомасы 8,5 млн теңгені құраса, Астана қаласы бойынша орташа сома 11 млн теңге шамасында», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Баспана Хит» азаматтарға 11% жылдық үстемемен бұған дейін қолданыста болған үйлерді алуға мүмкіндік береді (пайыз мөлшерлемесі Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесіне тәуелді).

Қазіргі уақытта барлық өтінімдер «Цеснабанк» АҚ тарапынан қабылданып, мақұлданды. Бүгінгі күннен бастап «Қазақстан халық банкі» АҚ Баспана Хит бағдарламасы бойынша өтінім қабылдауға кірісті. Сондай-ақ алдағы желтоқсан айында бағдарламаға Еуразиялық банк, ЦентрКредит банкі, Forte Bank, Bank RBK және Сбербанк қосылады. Сбербанк сонымен бірге «7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларын бір уақытта іске қоспақ.

Ыңғайлы уақытта телефондарыңыздан елорданың жаңалықтарын оқи отырыңыздар. Ол үшін Telegram Еlorda Aqparat жазылыңыздар




Наверх