Мәдениет

«Арыстан Патша» фильмі қазақ тілінде прокатқа шықты

18 шiлде, 12:22272
Автор: Elorda Aqparat

«Арыстан Патша» көптен күткен Disney ремейкі бүгіннен бастап прокатқа шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Фильм «Болашақ» корпоративтік қоры және «Меломан» компаниясының бастамасымен «Өзіңнен баста» жобасының аясында дубляждалды. Дубляж демеушісі – BI Group компаниясы.

«Бүгін көптен күткен «Арыстан Патша» анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімі болды. Бұл «Өзіңнен баста» жобасы аясындағы 31-ші көрініс. Мен қазақша дубляждың демеушісі «BI Group» компаниясына алғыс білдірем және «Болашақ» корпоративтік қоры мен «BI Group» компаниясы «Walt Disney Pictures», «Pixar» және «Sony Pictures» компанияларының тағы жеті фильмін дубляждауға 2020 жылға арналған меморандумға қол қойғаны жайлы жариялаймын», - деді «Болашақ» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Чайжунусова.

Сондай-ақ ол «Өзіңнен баста» жобасы мемлекеттік қаржыны тартпайтынын, қазақстандық жеке компаниялар мен меценаттардың демеушілігімен ғана жүзеге асырылатынын атап өтті.

Фильм - махаббат пен достық, адалдық пен билік үшін күрескен африкалық Саваннаның мекен етушілері туралы Disney-дің анимациялық кинотуындысы.

Аңдардың патшасы Муфасаның мұрагері Симбаның тынымсыз еркеден бақытсызға жанға дейінгі, бейқам кезбеден құтқарушы мен барлық аңдардың әміршісіне дейінгі бұралаңға толы өмір жолы баяндалады.

Айта кетейік, танымал қазақстандық әнші Маржан Арапбаева фильмнің басты саундтрегін орындады. Ал рөлдерді Бекболат Құрманғожаев (Mufasa), Бекнұр Ыбырай (Young Simba), Олжас Жақыпбек (Simba), Алтынай Нөгербек (Sarabi), Динар Қалдыбек (Young Nala), Наурыз Сабағатова (Nala), Сая Тоқманғалиева (Shenzi), Болат Ыбыраев (Rafiki), Жәнібек Мұсаев (Pumbaa), Дәурен Серғазин (Timon) дубляждады. Дубляждың режиссері Шах-Мұрат Ордабаев.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх