Қоғам

Арыстағы 1469 үй қалпына келтірілді

18 шiлде, 15:59106
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Бір тәулік ішінде құрылысшылар Арыс қаласында тағы да 109 тұрғын үйді тапсырды. Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны 18 шілдеге дейін 1469-ға жетті. Бұл туралы Елорда Инфо ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Арыс қаласындағы тұрғын үй қорын қалпына келтіруде елдің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар қалалардың 207 құрылыс компаниялары жұмылдырылған. Бұл шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.

Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85%-і бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын қалпына келтіру жұмыстарымен 100-ден 250-ге дейін үй қамтылады. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх