Өңірлер жаңалығы

Арыста 100 келі балықты заңсыз аулаған азамат ұсталды

20 қараша, 14:44778
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Дереккөз: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полицейлер Арыс ауданының аумағында рейдтік іс-шара жүргізу нәтижесінде Көксарай су қоймасында өзінің резеңке қайығымен және қытай торымен заңсыз балық аулаған азаматты ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо

Полицейлер тексеру кезінде күдіктіден 80 келі сазан, 13 келі басқа да балық түрлерін айғақты зат ретінде тәркіледі. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Түркістан облысы полицейлері браконьерлікті, биологиялық ресурс нысандары мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және табиғатты қорғау заңнамасы, заңсыз аң аулау, балық аулау, ағаш отаудың жолын кесуге бағытталған рейдтік жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп  отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ», делінген хабарламада. 




Наверх