Өңірлер жаңалығы

Арыста 7 мыңнан астам үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

19 тамыз, 15:04139
Автор: Elorda Aqparat
Фото ИИДМ министрлігінен Фото ИИДМ министрлігінен

Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Оның 751-інде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ 56 әлеуметтік нысан, олар: 50 - білім беру, 4 - денсаулық сақтау және 2 спорт нысандары пайдалануға берілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх