Қоғам

Американың даңқты футболшысы Димаш Құдайбергеновке сыйлық жасады

10 желтоқсан, 22:0070
Автор: Elorda Aqparat
Дереккөз: dimashnews.com Дереккөз: dimashnews.com

Есімі әлемдік спорт жұлдыздарының қатарында аталатын америкалық регби командасының ойыншысы Русти Рассел Димаш Құдайбергеновті Нью-Йорктегі Джон Кеннеди әуежайынан жүзден аса жанкүйермен бірге құшақ жая қарсы алып, оған регби добын сыйға тартты, деп хабарлайды Елорда Инфо dimashnews.com сайтына сілтеме жасап. 

Димашты қатты жақсы көретінін айтқан қарапайым спортшы әуежайдағы көпшілікпен бірге қазақстандық әншінің қолын алып, амандасу үшін арнайы барыпты.

Бұл тұрғыда Русти Рассел өзінің мақсатына жетіп, танымал жұлдызбен дидарласып, сыйлығын ұсынған.

Димаш Құдайбергенді әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған 150-ге жуық жанкүйері Нью-Иорктегі Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайдан гүл шоқтарымен күтіп алған. 

Димашты қарсы алушылардың көпшілігінің қолдарында Қазақстанның көк туы желбірейді. Сонымен қатар сүйікті әншілерінің портреттік суреттерін де ұстап шыққандар кездеседі. Жанкүйерлер қазақстандық танымал әншінің концертіне сәттілік тілесе, бірнеше сағаттық жолдан кейін шаршаса да, Димаш оларға әдеттегідей алғыс айтып, бірге естелік фотоға түсті. 




Наверх