Мәдениет

«Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» фотокөрмесі ашылды

24 қазан, 18:09234

Бүгін Ұлттық музейде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен «Америка мен Қазақстан: сіз ойлағаннан да жақын» атты фотокөрме ашылды, деп хабарлайды Елорда инфо тілшісі. 

Шара «Qazaq Geography» бірлестігі мен «National Geographic Qazaqstan» журналының ұйымдастырумен өтті. Көрменің негізгі мақсаты – АҚШ пен Қазақстан арасындағы географиялық, мәдени, тарихи ұқсастықты қалың көпшілікке таныстыру. 

АҚШ-тың ҚР елшісі Уильям Моузер екі елдің өзара ұқсастығы жайлы сөз етті.  

«Мен Орталық Азиядағы ең керемет музейдің бірінде болғаныма мақтанамын. Америка мен Қазақстанның табиғаты, ұлттық парктері, мәдениеті ұқсас. Осы фотокөрме арқылы екі мәдениеттің сабақтастығына көз жеткізесіз. Екі мемлекет арасындағы арақашықтыққа қарамастан, біздің мәдениетіміз жақын, өзара қатынасымыз тығыз», – деді елші.

Жоспар бойынша өнер сүйер қауым көрмені қазан айының соңына дейін Ұлттық музейде, ал қараша айында елордамыздағы «Mega Silk Way» және Алматыдағы «Mega-Almaty» сауда ойын сауық орталықтарында тамашалай алады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх