Қоғам

Алтай Көлгінов тұмау белгілері бар адамдарға кеңес берді

31 наурыз, 11:55152
Автор: Elorda Aqparat
фото astana.gov.kz фото astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ауруханалардың жұмысына тоқталды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз екі медициналық ұйымды карантинге жаптық. Не үшін? Өйткені тұмау белгілері бар адамдар келген, кейін біз олардан коронавирус анықтадық. Байланысқа түскен дәрігерлерді де карантинге жатқыздық. Осындай жағдай қайталанбас үшін біз №2 ауруханасын тұмау белгілері бар адамдарды ғана қабылдайтын етіп бекіттік. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Басқа ауруханалар ондай науқастарды қабылдамайды. Өйткені дәрігерлер мен басқа адамдар жұқтыруы мүмкін. Сондықтан тұмау белгілері пайда болған азаматтар жедел жәрдемге хабарлассын және оларға тек бір ауруханада қызмет көрсетіледі. Сондай-ақ, Теміржол ауруханасы пневмония диагнозы бар азаматтарға ғана көмек көрсетеді», - деді Көлгінов Tengrinews.kz-тің Instagram-дағы аккаунты арқылы берген онлайн сұқбатында.

 

Қымбат Елтайқызы




Наверх