Қоғам

Алтай Көлгінов «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенінің құрылысына кірісуді тапсырды

11 ақпан, 15:43200
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat Фото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенін сүру қарқынын арттырып, үй құрылысына кірісуді тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Басты міндет – үлескерлерге кілттерді табыстау, инвестор анықталды. Тұрғын үй кешені 2004 жылы салына бастады. Үйді техникалық тексеруден өткізу нәтижесінде ғимараттың апатты екені анықталды. Құрылысшы техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын қолданған. Ауа райына байланысты қаңтар айында үйді сүру қарқынын төмендетуге тура келді. Қазір жұмыстар қайта жанданды, құрылыс қарқынын жеделдетеміз», - деді «Нұр Астана Құрылыс» ЖШС бөлшектеу жобасының жетекшісі Алиакбар Үмбеталин.

2020 жылы елордада құрылысы ұзаққа созылған нысандардың саны 20-ға азаяды, яғни 7 800 үлескер пәтер алып, құжаттарын рәсімдей алады. Өткен жылы 2,5 мың үлескері бар 10 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Әрбір үлестік құрылыс нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді.

Фото авторы Александр Куприенко/Elorda AqparatФото авторы Александр Куприенко/Elorda Aqparat




Наверх