Қоғам

Алтай Көлгінов елордадағы коронавирустың таралу ошақтарын атады

31 наурыз, 12:19111
Автор: Elorda Aqparat

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов астанадағы коронавирустың таралу ошақтарын атады, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бізде коронавирус инфекциясының таралу ошақтары бар, олар - автобус паркі, жатақхана, медициналық ұйым, кеңселер. Біз 10-нан астам нысанды қоршауға, карантинге алып, зарарсыздандыру жұмыстарын жасадық. Санитарлық дәрігерлер ашуға болады деген кезде ғана ашамыз. Үйлердің кіреберістерін зарарсыздандырамыз. Мысалы, егер бір байланысқа түскен азамат табылса, біз сол кіреберісті зарарсыздандырмай, ешкімді кіргізбейміз. Үйді бірнеше күнге қоршауға алу - өте қажет шара. Қазір барлық қатаң шара сақталуы тиіс. Сондықтан біз кіреберістерді зарарсыздандырып жатырмыз», - деді А.Көлгінов Tengrinews.kz-тің Instagram-дағы аккаунты арқылы берген онлайн сұхбатында. 

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі тұмау белгілері бар адамдарға кеңес берген болатын.

Қымбат Елтайқызы




Наверх