Қоғам

Алтай Көлгінов елордалықтарды Конституция күні мерекесімен құттықтады

30 тамыз, 09:02655
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ата заңымыз — еліміздің барлық жетістіктерінің бастауы, тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі егемендігіміздің тірегі.

Еліміздегі ең маңызды құжат құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтамасыз етіп, құндылықтарымызды айқындайды.

Осыдан 24 жыл бұрын қабылданған Конституциямыздың арқасында елімізде тұрақ­тылық, бейбітшілік пен келісім қалыптасты.

Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх