Қылмыс және оқиғалар

Алматы ауданы әкімінің орынбасарына пара алды деген айып тағылды

10 қыркүйек, 14:06156
Автор: Elorda Aqparat
Фото: moment-istini.com Фото: moment-istini.com

Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы ауданы әкімінің орынбасарына пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аудан әкімінің орынбасарына ауданды жарықтандыру қызметіне мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша атқарылған жұмыс актісіне қол қою арқылы жекеменшік компания директорынан 5 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылуда.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің ісіне қатысты айғақ расталса, олардың ісі әрі қарай сотта қаралатын болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх