Алдағы демалыста солтүстікте күн райы -25 градусқа дейін суытады

20 наурыз, 16:48113
Автор: Elorda Aqparat

«Қазгидромет» РМК 21-26 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Алдағы мереке күндері еліміздің оңтүстік аймақтарына Ираннан жылы циклон өз әсерін тигізуде, осы циклонмен байланысты жаңбыр күтіледі. Алайда, республиканың батыс бөлігіне Исландиядан суық антициклон әсер етеді, бұл антициклон шығысқа жылжып, жауын-шашынның тоқтауына және Қазақстан Республикасының басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде ауа температурасы 5 градус аяз-3 градус жылыдан 12-25 градус аязға дейін, оңтүстік бөлігінде – 2-12 градус жылыдан 3 градус аяз-2 градус жылы, кей жерлерде 6-11 градус аязға дейін төмендейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.




Наверх