Қоғам

Алдағы демалыста күн райы қандай болады?

22 қараша, 18:02106
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Республиканың басым бөлігінде аяздар бәсеңдей бастағанымен ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен сақталады. Бұл туралы Елорда Инфо Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

21-22 қараша климаттық қыстың басы болып саналады. Бірақ республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарының тұрғындары үшін ерте келіп қана қоймай, аномальды аяздармен басталып, оңтүстік облыстарға да тарады.

Қазақстанға алдағы демалыс күндері солтүстік теңіздерден суық және дымқыл ауа түсуін жалғастырады. Сондықтан республиканың басым бөлігінде бұлтты ауа райы, кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел күтіледі, аяздар бәсеңдей бастағанымен ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен сақталады.

 




Наверх