Өңірлер жаңалығы

Ақтөбеде Абайдың мерейтойына арналған көрме ашылды

05 наурыз, 17:34329
Автор: Elorda Aqparat
Фото Мәдениет және спорт министрлігінен Фото Мәдениет және спорт министрлігінен

Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың Жидебай-Бөрілі мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен «Абай мұрасы - рухани қазына» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашылған көрмеге Ақтөбе қаласының зиялы қауым өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Көпшіліктің назарына ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, фотосуреттер, Абай алақанының табы қалған жәдігерлер, Абай оқыған Ахмет-Риза мешіт-медресесінің араб, түрік, парсы, шағатай тілдеріндегі кітаптары, этнографиялық бұйымдар ұсынылды.

Ұлы ақынның өнегелі өмірін барынша қамтитын бұл көрме Ақтөбе жұртшылығы мен ұлы Абай елі үшін тың серпіліс, рухани нәр, тарихи байланыс болып отыр. Көрмені тамашалауға келген көрермендер Абай музейінің қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Аталған көрме 28 наурызға дейін жалғасады.




Наверх