Билiк және саясат

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хейл елордаға келеді

14 тамыз, 17:18142
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйл жұмыс сапарымен келеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«20-21 тамыз күндері Нұр-Сұлтан қаласына АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Дэвид Хэйл жұмыс сапарымен келуі жоспарлануда. Сапар барысында мемлекеттік хатшы орынбасары Үкімет басшысы және сыртқы істер министрімен кездесу өткізіп, екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық байланыс және аймақаралық тәсілмен қаралатын қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп мәселесі қаралады. C5+1 форматы Орталық Азиядағы 5 ел мен АҚШ арасындағы экономика, экология және қауіпсіздік саласына өзара қарым-қатынастың көпқырлы механизмі болып табылады», - деді А.Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх