Экономика

Әлеуметтік төлемді тағы кімдер ала алады

28 наурыз, 14:48108
Автор: Elorda Aqparat
inbusiness.kz inbusiness.kz

Бірыңғай жиынтық төлем төлеп жүрген азаматтар да ТЖ кезінде 42 500 теңге ала алады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл туралы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры әлеуметпен байланыс департаментінің директоры Гүлбағда Болатбекова әкімдікте өткен брифингте мәлімдеді.

«26 наурыз күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі №110 бұйрыққа қол қойды. Сол бұйрықта қалай тағайындау туралы қағида белгіленген. Қағиданың екінші қосымшасында өтініштің нысаны бар. Одан кейін тізім бар. Тізімді толық толтыру – жұмыскердің міндеті. Ол жерде жұмыс істейтін азаматтың жеке сәйкестік нөмірі, аты-жөні, телефонының нөмірі және қай уақыттан бері ол ақысыз демалыста отырғаны туралы ақпарат осы нысанда толтырылады. Сонымен қатар, жеке тұлғаға қызмет көрсетіп, бірыңғай жиынтық төлемін төлеп отырған азаматтар да осы ТЖ кезінде жұмыссыз қалса, олар өздерінің соңғы 3 айда үздіксіз бірыңғай жиынтық төлем төлегенін дәлелдеу арқылы ай сайын 42 500 теңге ала алады», – деді ол.




Наверх