Қоғам

Әлеуметтік қызмет саласының үздіктері марапатталды

13 желтоқсан, 09:48230
фото қала әкімінің баспасөз қызметінен фото қала әкімінің баспасөз қызметінен

 «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ ұйымдастыруымен өткен шарада әлеуметтік қызмет саласының үздіктері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің және әкімнің орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды. Үздіктерді және шараға қатысушыларды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлгі атынан тәуелсіздік мерекесімен құттықтаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Сырым Қажымұратұлы шараның тәуелсіздік күніне орай өткізілуінің өзіндік мәні бар екенін айтты.  

«Тәуелсіздік күні әр Қазақстандық үшін ең қымбатты күн. Бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен бұл күн бізге бұйырды. Бүгінгі мынау биік жетістіктеріміз де сол тәуелсіздіктің арқасында келді.  Сосын да біз осы тәуелсіздік мерекесіне туралап, әлеуметтік қызмет саласына еңбек сіңірген үздіктерді марапаттап отырмыз. Әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істеп жатқан бәріңіздің еңбектеріңіз ерен», деді ол. 

«Әр қазақ үшін ең қастерлі күн-Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында марпатталып жатқаныма айырықша қуаныштымын. Біздің еңбегімізді бағалап, марапаттаған құзырлы орындарға көп рақмет. Тәуелсіз еліміз үшін еселі еңбек ету біздің басты парызымыз,- деді «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды әлеуметке қосу орталығының бас бухгалтері Қарлығаш Боранбекқызы.

Марапаттау шарасынан кейін әлеуметтік сала қызметкерлері мен қызмет алушылардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.




Наверх