Қоғам

Әділет министрлігінің сall-орталығы карантинге байланысты құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді

26 наурыз, 10:2541
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Әділет министрлігінде Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізуге байланысты қосымша құқықтық ақпаратты және құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша 119 сall-орталығы жұмыс жасайды. Бұл туралы Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин енгізуге байланысты қосымша құқықтық ақпаратты және құқықтық мәселелерді түсіндіру бойынша министрліктің Құқықтық ақпараттық қызметтің 119 сall-орталығы немесе 58-00-58 (Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары үшін) нөміріне хабарласуға болады.

«Сұрақтар сондай-ақ WhatsApp: нөмірі бойынша + 7 (708) 6935631, сондай-ақ Әділет министрлігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми беттерінде қабылданады: @adiletgov (facebook), @adiletgovkz (instagram)», делінген хабарламада.

Жиі қойылатын сұрақтар бойынша жауаптар ресми сайтта орналастырылады және БАҚ арқылы таратылады.




Наверх