Қылмыс және оқиғалар

Әблязовтың сыбайласы Рустам Ибрагимов Қазақстанға экстрадицияланды

05 наурыз, 10:12140
Автор: Elorda Aqparat

Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Рустам Ибрагимов Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Елорда Инфо Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«2020 жылғы 4 наурызда Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен БТА Банкінің бұрынғы басқарушы директоры Рустам Ибрагимовты Қазақстанға экстрадициялады», - делінген хабарламада.

Ибрагимов БТА Банкінің 250 млн АҚШ доллары қаражатын Мұхтар Аблязовтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерімен бірлесіп жасаған ұрлығы үшін іздеуде болған.

Қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында ол БАӘ-де Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын пайдаланып жасырынған.

Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының араб және қырғыз әріптестерімен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде, сондай-ақ БАӘ-дегі Қазақстан елшілігінің көмегімен жоғарыда аталған төлқұжат заңсыз деп танылып, қылмыскер ұсталып Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта Ибрагимов Алматыдағы тергеу изоляторына қамалды.




Наверх