Мәдениет

Абайдың шығармалары шет тіліне аударылып, әлемнің түкпір-түкпіріне таратылады

16 қаңтар, 17:0870
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Абай Құнанбайұлының шығармалары шет тілдеріне аударылып жатыр. Олар 3 мың данамен баспадан шығып, өзге елдерге таратылатын болады. Бұл туралы Елорда Инфо тілшісі Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовке сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Нұрғиса Дәуешов ақынның кітаптарын шет тілдеріне аудару ісі қалай жүргізіліп жатқанымен таныстырып өтті.

«Абайдың шығармалары толықтай француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай, түрік, жапон, неміс, итальян тілдеріне аударылып, 3 мың дана тиражбен әлемнің түкпір-түкпіріне таратылады. Сонымен қатар, СІМ, Түркі академиясымен Абай шығармаларын түркі тілдеріне аудару ісі басталып кетті. Мемлекет басшысы Абайдың танымдық жағынан мән берудің маңыздылығын тапсырған болатын. Енді халықаралық деңгейде танымдық іс-шаралар өткізу үшін ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ ұйымдарымен жұмыстар жүргізіледі. Осы жылдың қазан айында ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде ақынның мерейтойына арналған салтанатты концерт ұйымдастырылып отыр», – деді ол.

Бұған қоса Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен Кэмбридж университетінде, сол сияқты шетелдегі ЖОО-ларда іс-шаралар өткізілмек.




Наверх