Руханият

Абайдың өлеңдері мен поэмалары аударылған кітаптың тұсаукесері өтті

21 ақпан, 11:04106
Автор: Elorda Aqparat
Фото Ұлттық акадамиялық кітапханадан алынды Фото Ұлттық акадамиялық кітапханадан алынды

Ұлттық академиялық кітапханада ақын және аудармашы Орынбай Жанайдаровтың «Абай. Өлеңдер мен поэмалар» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Аталмыш шара қазақ ақыны, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған.

Аудармашы Орынбай Жанайдаров өмірінің қырық жылын Абайдың мәтіндерін зерттеп, жылына екі-үш өлеңнен аударып отырды. Бұл автордың енді аяқталған көпжылдық жұмысы болып саналады. Ол өз жинағында оқырман назарына қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, қазақ поэзиясының классигі, ұлы Абай Құнанбайұлы туралы аудармашының ізденімпаздық және жанқиярлық еңбегінің нәтижелерін көрсетеді.
Аударма 1974 жылы 18 тамызда басталды. Мәтіндер «Абай Құнанбаев, бір томдық шығармаларының толық жинағы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасы» негізінде аударылған.

Бұған дейін автор әр жылдары жарық көрген қазақ және ежелгі түркі ақындарының өлеңдерін аударған. Атап айтатын болсақ, «Жырау поэзиясы», «15-18 ғасырдағы қазақ ақындарының өлеңдері», «Дала көлі», «Жырау мен ақындардың поэмалары», «Ұлы дала әндері» және т.б.

Фото Ұлттық акадамиялық кітапханадан алындыФото Ұлттық акадамиялық кітапханадан алынды




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх