Мәдениет

Абайдың 175 жылдығын атап өтуге Мәдениет және спорт министрлігі 3 млрд теңге бөледі

16 қаңтар, 14:0287
фото Елорда Инфо фото Елорда Инфо

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарымен Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов бөлісе отырып, биылғы шараға ведомство тарапынан 3 млрд теңге бөлінетінін мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Бұл қаржы министрліктің жоспарлы қаржысы. Ресей, Түрия, Қытай елдеріне барып, Абайдың туындылары тереңірек насихатталатын болады. Сол сияқты 3 млрд теңгеге 3 деректі фильм түсіріледі. Олардың бағыты үш түрлі. Сол себепті үш фильм түсірілмек. Сол сияқты көркем фильм түсіру де жоспарда бар. Деректі фильмдерге қатысты Ұлттық киноны қолдау орталығында қазір режиссерлер тарапынан ұсыныстар қабылданып жатыр. Оларды осы жылдың соңына дейін түсіріп, жұртшылық назарына ұсынамыз», – деді вице-министр.

Нұрғиса Дәукешов сөз арасында Абай музейіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 30 млн теңге бөлініп отырғанын мәлім етті.

«Биыл Абай жылын атап өту мақсатында 500-ден астам ірі іс-шаралар өткізілу жоспарланып отыр. Оның бәрі ақынның тұлғасын елде және шетелде кеңінен насихаттау үшін негізделген. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен өңір әкімдіктері Абайдың мерейтойын атап өту жоспарын әзірледі. Ал 21 қаңтарда астанадағы Опера және балет театрында салтанатты ашу концерті өтеді. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында айтыс, театрландырылған қойылым, дәстүрлі әншілердің концерттері, сирек кездесетін кітаптардың көрмелері, ұлттық спорттарға арналған түрлі халықаралық деңгейде шаралар ұйымдастырылады», – деді ведомство өкілі.




Наверх