Руханият

Абай өлеңдері әр ұлт тілдерінде оқылды

21 ақпан, 16:45457

«Тұран-Астана» университетінде ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған мәдени шара өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Абай мұраларын жастар арасында кеңінен насихаттау, ақынның асыл ойы арқылы жастардың өзін-өзі тануына дем беру мақсатында өткізілген бұл шараға Абайды зерттеуші мамандар және аталған оқу орнының ұстаздары мен студенттері қатысты.

 

Шарада студенттер Абайдың өлеңдерін ағылшын, неміс, француз, орыс, түрік сынды 7 ұлттың тілінде оқып, көрерменді сүйіндірді. 

Биыл ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай елімізде 500-жуық іс-шара өтеді деп жоспарланғаны белгілі. Сондай-ақ әр өңірдегі жоғары оқу орындары да Абай тағылымын насихаттаудың әртүрлі шараларын бастап кетті.

«Бүгінгі шараны Абайдың мерейтойына байланысты университетімізде өтететін шаралардың бастамасы деп айтуға болады. Жақында Абай шығармаларының әлем тілдеріндегі конкурсын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа да ойға алған істеріміз көп. Меніңше, биыл Абай тағылымын ұрпақ санасына сіңірудің және алып Абайды насихаттаудың айтулы кезеңіне айналады деп ойлаймын», - деді «Тұран-Астана» университеті Гуманитарлық-заң факультетінің деканы Нұргелді Егізбаев.

Шара соңында студенттер Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу эстафетасын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттеріне жолдады. 

 




Наверх