Руханият

 А.Көлгінов: Астанада ұлтымыздың Ұлы перзенттеріне арналған ескерткіштің тұруы – заңдылық 

14 желтоқсан, 18:30444
Автор: Elorda Aqparat
Фото авторы: Александр Куприенко Фото авторы: Александр Куприенко

Бүгін Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында қазақ әдебиетінің алыптары – Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай Үш арысымызға арналған ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ұлтымыздың тар жол тайғақ кешкен жылдарын романының атауымен астарлап жеткізіп, қазақ атауын құжат жүзінде қайтарған Сәкен Сейфуллин мұрасының біздің руханиятымызда алатын орны ерекше. Бүгінде қаламызда музейі жұмыс істейді. Енді, міне, ескерткіші ашылып отыр. Бейімбет Майлин өзінің жазушылығымен қатар, елді сауаттылыққа үндеп алғашқы "Қазақ" газеті мен "Айқап" журналына және басқа да басылымдарға тұрақты мәселелерді жазған журналистігімен де көп еңбек сіңірді. Драматургтығы – бір төбе. Әңгімелері әлі күнге дейін өзектілігін жоймай, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде пайдаланылып келеді. Ілияс Жансүгіров – қазақ фольклорын дамытқан тұлға. "Күйші", "Құлагер" поэмалары – тұнған тарих. «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаладағы келелі ойлардың негізінде дүниеге келген бұл туындыны көптің қуанышы деп білемін. Бұл ескерткіш өткенге құрмет қана емес, тарихымызға қойылған бірегей белгі, болашаққа деген кәміл сенім. Азат елдің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының төрінде тағдыры да бір, өмірі де ұқсас ұлтымыздың Ұлы перзенттеріне арналған ескерткіштің тұруы – заңдылық. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге болады деген үміттемін", – деді Алтай Көлгінов.

Фото авторы: Александр КуприенкоФото авторы: Александр Куприенко

Фото авторы: Александр КуприенкоФото авторы: Александр Куприенко

Фото авторы: Александр КуприенкоФото авторы: Александр Куприенко

Фото авторы: Александр КуприенкоФото авторы: Александр Куприенко

Фото авторы: Александр КуприенкоФото авторы: Александр Куприенко

Естеріңізге салсақ, бұған дейін бас қалада Жазушылар үйінің ашылғанын хабарлаған болатынбыз. 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх