Қоғам

Биыл 3200 қазақстандық қажылыққа аттанады

18 шiлде, 13:28186
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Қазақстан азаматтарының қажылығын ұйымдастыру бойынша БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Сауд Арабия Корольдігіне қажыларға отандық «Scat» және корольдіктің «FlyNas» екі әуекомпаниясы қызмет көрсететін болады. Бірінші рейсті Ақтау және Шымкент қалаларынан жөнелту жоспарлануда. Сондай-ақ, қажылыққа баратын адамдар міндетті түрде Сауд Арабиясы бекіткен Жалпы статистикалық мәліметтерге келсек, жыл санап қажылыққа ниет етушілер саны артып келеді. 1990 жылдан 2019 жыл аралығында Қазақстан азаматтарына Сауд Арабиясы тарапынан 56 635 қажылық квота бөлінген», - деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Биылғы қажылық 31 шілде мен 20 тамыз айы аралығында жүзеге асырылады.

«Жалпы жыл санап қажылыққа баруға сұраныс артып келеді. Былтыр 3 мың адам болса, биыл ол көрсеткіш 200-ге артып отыр. Ал барушылардың қауіпсіздігіне жауап беретін арнайы миссия құрылды. Яғни 12 адамнан тұратын мамандардың қатарына наиб мүфтидің жетекшілігімен, 8 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, Дін істері комитетінің өкілі және 3 дәрігер. Одан бөлек қазақстандықтардың қажылыққа баруына 18 фирма жауапты. Әр фирманың жеке имамы бар. Олар азаматтарға рухани қолдау көрсетеді.  Сонымен қатар аталған өкілдер ниет етушілердің барып-келуіне толықтай жауап береді, - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай Өтпенов.

Оның айтуынша, биылғы қажылыққа барушылардың арасында Түркістан облысынан ниет етушілер көп.

«Халықтың көп орналасуы мен мешіт санының көп болуына байланысты Түркістан облысынан қажылыққа баруға ниет білдірушілер саны көп. Айта кетсек, бұл өңірде 800-ден астам мешіт бар. Жас ерекшеліктеріне келетін болсақ қажылық міндеті балағат жасына (кәмелет жасы) толған азаматтарға парыз болып саналады. Биылғы баратын азаматтардың орта жасы 30-50 жас аралығын қамтиды. Әрине барамын деушілердің арасында үлкен кісілер өте көп. Біз оларға алдымен денсаулық жағдайын ойлауға кеңес береміз. Себебі қажылық жай ғана барып келетін сапар емес», - деді ол.

Сондай-ақ, Н.Өтпенов қазіргі уақытта республика бойынша 530 мешітте қажылықтың мақсаты мен тәртібін түсіндіру жұмыстары жүріп жатқанын айтып өтті.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх