Жолдау-2019

2020 жылдан бастап шағын және орта бизнес өкілдері тексеруден босатылады

03 қыркүйек, 09:451029
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Президент Жолдауында айтылғандай, алдағы жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілер санын біртіндеп қысқартуға бағытталған жұмыс жүргізіледі, ал босатылған қаражатты неғұрлым пайдалы қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалатын болады. 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің саны 25%-ға қысқаратын болады. Басым міндеттердің бірі - квазимемлекеттік сектордан қайтарымды арттыру. Ұлттық әл-ауқат қорының өткен 14 жылдағы халықтың әл-ауқатының өсуіне нақты үлесі бағаланатын болады. Үкімет Есеп комитетімен бірге үш айлық мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізеді», - деді ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов өз баяндамасында.

Сондай-ақ, Үкімет басшысының орынбасары тауарлар мен қызметтердің бағаларын реттеу жөнінде нақты шаралар әзірлеу қажеттігін айтты.

«Жұмыссыздықты азайту және ауыл халқының өмір сүру деңгейін көтеру шеңберінде Ұлттық қордан 100 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Мемлекет басшысы бизнесті дамыту үшін бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуын Есеп комитетіне Қаржы министрлігімен бірлесіп ерекше бақылауға алуды тапсырды. Осы жылдың соңына дейін микро және шағын бизнес компанияларын олардың негізгі қызметінен үш жыл мерзімге салық төлеуден босату жөніндегі заңнамалық негіз әзірленетін болады. 2020 жылдың қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тыйым салу күшіне енеді. Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі, ол да шағын бизнесті ынталандыруға бағытталған», - деді ол.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх