Экономика

«1000 орын - көше саудасы»: астаналық кәсіпкерлерден өтініш қабылданып жатыр

14 қазан, 15:24395
Автор: Elorda Aqparat
Фото Elorda aqparat мұрағатынан Фото Elorda aqparat мұрағатынан

Нұр-Сұлтан қаласында «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Назар аударыңыз, елордада «1000 орын. Көше саудасы» бағдарламасына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер бүгіннен бастап 30 қазанға дейін қабылданады. Жалпы www.gosreestr.kz сайтында 80 жер учаскесі және  Астана Innovations сайтында 20 жер учаскесі жүзеге асырылатын болады», - деп жазды қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram каналында.

Оның айтуынша, көше саудасы бағдарламасының мақсаты - объектілерді «жолда» жасау болып табылады.

«Бұл дегеніміз доңғалақты дәмханалар, наубайханалар, балмұздақ, жемістер мен көкөністер, газеттер, гүл сататын дүңгіршектер, кәдесыйлар сататын дүкендер және т.б. 2017 жылдан бері «Astana» ӘКК» АҚ өткізген конкурс нәтижелері бойынша 557 жер учаскесі бойынша кәсіпкерлермен қосалқы жалға беру шарттары жасалды. Бағдарлама 1500-ден астам жұмыс орындарын құрды. Жекеменшік инвестициялар сомасы шамамен 1,1 млрд теңгені құрады», - дейді ол.   

«1000 орын - көше саудасы» бағдарламасына қатысты нақты консультацияны Ә.Мәмбетов к/сі, 24, 6-қабат, 602-бөлме мекенжайы бойынша немесе 8 (7172) 61 35 54 нөмірлі телефоны арқылы алуға болады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх