Қоғам

Қала маңына қатынайтын кейбір автобустар ауылдарға кірмейді

22 қаңтар, 09:1748
Автор: Elorda Aqparat

Жолдарды қардың басуына байланысты №311 автобустың қозғалысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана LRT-ға сілтеме жасап.

«№315 автобус Ижевское ауылына кірмейді. №307, 317 автобустар «Алай» базарына кірмейді. №313 автобус Қызылсуат ауылына дейін бармайды. Ал №326 автобус Талапкер ауылының соңғы аялдамасына дейін бара алмайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ №319 автобус саяжайға кірмей жүреді. Ал №318 автобус Шұбар ауылына кірмей жүреді.




Наверх