Жолдау-2019
-
20 қыркүйек 2019, 12:01 Мамандық таңдау мектеп партасынан басталады Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында білім мәселесіне ерекше тоқталғаны белгілі. «Жыл сайын 21 мыңдай мектеп түлегі кәсіби немесе жоғары оқу орындарына түсе алмайды. Жастардың бұл санаты жұмыссыздар мен маргиналдардың қатарын көбейтеді. Олардың көбісі қылмыстық және экстремистік топтардың торына шырмалады» дей келе, Президент оқушылардың қабілеттеріне негізделген кәсіби бағдарлау саясатына көшуіміз керектігін айтты.
-
20 қыркүйек 2019, 11:33Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өседіҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласында зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Ведомства басшысы мегаполистегі сала қызметкерлерімен өткен жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауы жайлы, онда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жайында айтып берді. Бұл туралы Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.