Doing Business рейтингі индикаторларын жақсарту шараларының жоспары бекітілді

11 желтоқсан, 15:35522
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Біз электр энергиясын тұтынушыларымыз. Және бұл өркениеттің жалпыға бірдей игілігі қайдан алынатыны бізді қызықтырады. Мұндай тәсіл қарапайым тұтынушыға ыңғайлы. Электр қуатымен қамтамасыз етуге қол жеткізу оңай емес.  Бұл туралы Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Дархан Әлиақпаров айтып берді. 

Дархан ӘлиақпаровАЭҚБК қалалық аумақтық департаментінің басшысы

Басқа салалар сияқты энергиямен жабдықтау айтарлықтай жетілдіріліп, электрмен жабдықтауға қол жеткізу жеңілдетілуде. Қазақстанда электрмен жабдықтау жүйесіне қосу кезінде заңнаманың сақталуын бақылау шеңберінде Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Дархан Жұматайұлы, Дүниежүзілік Банк бағалайтын индикатор туралы толығырақ мәлімет бересіз ба?

Дүниежүзілік Банк өз бизнесін жүргізуді бастаудың қарапайымдылығының бірнеше көрсеткіштерін бағалайды. Олардың бірі «электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу қарапайымдылығы» индикаторы электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үшін кәсіпорын өтуге тиіс барлық рәсімдерді бағалайды. Олар өтініш беруді және энергетикалық кәсіпорындармен шарттар жасасуды, тарату желілері мен басқа мекемелерден қажетті рұқсаттар алуды, инспекциялар жүргізуді, қосу бойынша сыртқы жұмыстарды орындауды, аяқтау актілерін алуды және электр энергиясын түпкілікті жеткізуді қамтиды. Сондай-ақ, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясын жеткізудегі іркілістер мониторингін жүргізетін және қоректендіруді қалпына келтіруді бақылайтын тетіктер туралы деректер, есептілік, Ақпараттық қолжетімділік және Тарифтердің ашықтығы туралы мәліметтер қарастырылады.

Министрлік бұл индикаторды жақсарту үшін нақты не жасады?

Электрмен жабдықтау желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру мерзімі 14 күннен бес күнге дейін қысқартылды. Тұтынушылардың жобалық шешімдерін энергия беруші ұйымдармен келісу қажеттілігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтау шартын жасау мерзімі жеті күннен үш күнге дейін қысқартылды. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органнан электр желілеріне қосуға рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды. Жер қазу жұмыстарына рұқсат алу және құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтауды күту, сондай-ақ есептегішті пломбалау, желіге қосу және электрмен жабдықтау шартын жасау үшін өтінім беру рәсімдері біріктірілді. Тұтынушының электр қондырғыларын пайдалануға беру алдында энергетикалық сараптамадан өту қажеттілігі алынып тасталды. Яғни электр энергиясын пайдалану ережелерінен 22-тармақ алынып тасталды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсат алу қажеттілігі алынып тасталды.

Ағымдағы жылдың қазан айында Дүниежүзілік банк «Doing Business-2020» рейтингтік баяндамасын ұсынды. Осы баяндамаға сәйкес, Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша рейтингте Қазақстан қандай орынға ие болды?

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, Қазақстан бір жыл ішінде үш позицияға және соңғы екі жылда 11 позицияға көтерілді (2017 – 36 орын, 2018 – 28 орын).

Барлығы Қазақстан 10 базалық индикатор бойынша бағаланады. 10 базалық индикатордың ішінде Қазақстан 3 индикатор бойынша позицияны жақсартты. Барлығы Қазақстан 10 базалық индикатор бойынша бағаланады. 10 базалық индикатордың ішінде Қазақстан 3 индикатор бойынша позицияны жақсартты. Оның ішінде «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосу» индикаторы бойынша Қазақстан өз көрсеткіштерін 9 позицияға жақсартып 67-орында орналасты (2018 – 76 орын).

Ал жеткізілетін электр энергиясының сапасына қатысты, бақылау қалай жүзеге асырылады?

Электрмен жабдықтау сенімділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндері бекітілген. Оларды жеткізуші де, тұтынушы да сақтауы тиіс. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі электрмен жабдықтау сенімділігінің бекітілген көрсеткіштерін асыра пайдаланғаны үшін 125 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде энергия беруші ұйымдар басшыларына салынатын айыппұл түрінде жауапкершілігін көздейтін 300-1-баппен толықтырылды. Техникалық шарттарды беру талаптарын, тәртібін және мерзімдерін бұзған ұйымдарды да жаза күтеді. Электр желілеріне қосылу тәртібін бұзу шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 25, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 50, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Құжаттарды қабылдаудан және (немесе) электр желілеріне қосудың техникалық шарттарын беруден бас тарту шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты - 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - 100 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Сондай-ақ, Министрлікпен электр энергиясын тұтынушыларға тұрақты негізде сауалнама жүргізеді, ал Министрліктің және Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің ресми сайттарында әр тұтынушыға толтыру үшін қол жетімді сауалнама парақтары орналастырылғанын атап өткім келеді. Осылайша, әрбір тұтынушы орналасқан сауалнама парағын толтырып және оған тап болған проблемалық мәселелерді көрсете отырып, электрмен жабдықтау сенімділігі және электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу процесін жеңілдету бөлігінде елдің заңнамасын одан әрі реформалауды қалыптастыруға өз үлесін қоса алады.





Наверх