28 мамыр, 14:14Елордалықтар қанша келі ет жейді?Өте қызықты сұрақ. Өткен жылы ranking.kz компаниясы осындай тақырыпта қызықты зерттеу жүргізіп, қорытындыларын жариялады. Мәселен, қала тұрғындары жылына 76 келі, ауыл тұрғындары 69 келі ет жейді екен. Ең көп ет жегіштер Атырау облысында тұрады, ол өңірде жан басына шаққанда жылына 85 келі ет және ет өнімдері жұмсалады. Одан әріде, Алматы (83,5 келі), Шығыс Қазақстан облысының (82,6 келі) тұрғындары орналасқан. Ең төменгі тұтыну көрсеткіштері – Шымкент қаласында (58,2 келі), Қызылорда (65,2 келі), Ақтөбе (67,4 келі) облыстарында тіркелген. Елорданың әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 72,0 келі ет және ет өнімдерін тұтынады екен.