ElordaLite

«Тұтқын кавказ қызы» фильмі туралы қызықты деректер 

13 тамыз, 16:22343
фото интернеттен алынған фото интернеттен алынған

1967 жылдың көктемінде керемет туынды кеңес кинотеатрларының экранында пайда болды. «Тұтқын кавказ қызы» туындысына байланысты көптеген қызықты деректер бар. Фильмнің идеясы Гайдайға газет беттерінің бірінен Кавказ Республикасында ғашық жігіт қызды ұрлау туралы оқиғаны оқығаннан кейін пайда болды.

Леонид Гайдайдың «Тұтқын кавказ қызы» фильмінің негізгі түсірілімдері Қырымда Алушты ауданында өтті.

Басты рөлді орындаушыны табу оңайға соқпады. 500 үміткердің ішінен таңдау 19-жастағы циркта арқан бойымен жүретін әртіс Наталья Варлейге түсті. Рас, бәрі оңай болмады: Наталья ең күрделі трюктерді жақсы орындағанымен, актерлік шеберлік жағынан оның деңгейі төмен болды. Сондай-ақ, "спортшы, комсомол және сұлу" Надежда Румянцеваның дауысымен Аида Ведищева фильмде ән шырқады.

интернеттен алынғанинтернеттен алынған

Вицин, Никулин және Моргунов сыра ішетін көрінісінде кедергілер болды. Георгий Вицин ішімдік ішпейтіндер қатарынан болды, сондықтан сыра сусынын ішуден бас тартты. Сыраны итмұрын қайнатпасымен алмастырылды, бірақ онда көбік болмады. Сондықтан сыра көбігін мақтамен алмастыруды ұсынды, бірақ Вицин мұндай қоспаны ішуден бас тартып, нағыз сыраны ішуге тәуекел етті.

интернеттен алынғанинтернеттен алынған

Кино режиссері Леонид Гаидай импровизацияны барлық жағынан қолдады. Түсірілім кезінде ойнаған әр трюк үшін актерлер бір бөтелке шампан алды. Бұл жағынан жолы болып, көш бастаған Юрий Никулин - 24 бөтелкеге ие болды. Ал, Вицин қиялдары өзгеден кем емес еді, тек ол мұндай сыйлықтарды қабылдамады!

Юрий Никулин жаңғақтар лақтырған ағаш қазір туристер арасында өте танымал. Онда тіпті "Никулин жаңғақтары" деген белгі ілінген. Сонымен қатар, Нина ән салған жартаста танымалдылықтан кем емес.

Көптеген адамдар бұл керемет фильмнің түсірілім орны тек Қырым болғанына сенімді. Дұрыс айтсақ, Қырымда «Тұтқын кавказ қызы» фильмі түсірілген жерлердің айналасында экскурсиялық жол ұйымдастырылған. Алайда, фильмнің түсірілім орны тек Қырым ғана емес. Бұл фильмнің бір көрінісі Кавказда түсірілді, дәлірек айтсақ, Қызыл Алаңға жақын жерде түсірілген.

интернеттен алынғанинтернеттен алынған

Шурик мінген Люси есімді есек ұзақ өмір сүрген жануар десекте болады. «Тұтқын кавказ қызы» туындысынан кейін 40 жыл өткен соң Люси «9 рота» фильміне түсті.

Бұл туындының жаппай көрсетілімге шығу жолы оңай болмады. Тым көп өткір әзілдер болды! Бірақ туынды Л. И. Брежневке көрсетіліп бас хатшыға фильм ұнағаны сонша бірден рұқсат берілді. Бірінші жылдан «Тұтқын кавказ қызы» туындысын 76 миллионнан астам көрермен тамашалады.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх