ElordaLite

Судың пайдасы қандай? 

26 шiлде, 10:4991520
Фото интернеттен алынған Фото интернеттен алынған

Су – тіршілік нәрі. Ғалымдардың айтуынша, адам организмі 65 пайыз судан тұрады екен. Судың адамның денсаулығына тигізетін пайдасы мен маңызы өте үлкен. Күніне 2 литр су ішу керек деген кеңестерді жиі естиміз, бірақ оның зиянды әсері де бар. Ол қандай?

Судың пайдасы

Суды жеткілікті мөлшерде пайдаланған жағдайда, ағзадан тұздар мен токсиндер шығарылады. Сондықтан, жұқпалы аурулар мен улану кезінде көбірек ауыз суын ішу ұсынылады. Терінің сұлулығын сақтап қалу үшін үнемі таза су ішіңіз. Өйткені, сусыз тері құрғап, өз серпімділігін жоғалтып, әжімдердің пайда болуына әкеліп соғады.

Сусыз ішек баяу жұмыс істейді, сол себептен адамның іші жиі ауырып, ауыздан жағымсыз иіс шығады. Оны дұрыс мөлшерде тұтыну, жүрек ауруларының даму қаупін 41%-ға төмендетеді. Адамның иммундық жүйесіне пайдасы үлкен. Суды аз ішетін адамдар әр түрлі ауруларға бейім болады. Тамақтану алдында 5-10 минут бұрын су ішсеңіз, сіздің тәбетіңіз жоғалады. Бұл арықтауға көмектеседі. Ағзада судың аз болуы, бастың ауруына әсер етеді. Екі стақан сұйықтықты ішсеңіз, бастың ауруы басылады.

интернеттен алынғанинтернеттен алынған

Судың зияны

Ағзада судың мөлшері тым көп болса, ол жүрек және бүйрекке жүктемені екі есе арттырады.

Тым ыстық қылдырып ішу, асқазанда ойық жара немесе панкреатиттің басталуына әкелуі мүмкін. Суық суды ішу зиянды, өйткені ол асқазан мен ішкі құрылысты салқындаып, біраз уақыттан кейін ауруларға әкелуі мүмкін. Ауа райы ыстық болғанның өзінде, жылы сұйықтық ішуге кеңес беріледі.

Интернеттен алынғанИнтернеттен алынған

Бал қосылған жылы су

Денсаулықты қалпына келтіретін тағы бір  қарапайым әдіс – аш қарынға бал қосылған жылы су ішу. Бал қосылға су несімен пайдалы және оны қалай дұрыс ішу керек?

Бал қосылған жылы су – ең әуелі организмде табиғи процесті жандандырып, асқазанның жұмысын белсенді етеді. Кейбір мамандар алдымен аш қарынға су ішіп, сосын барып бал қосылған жылы су ішуге кеңес береді.

Тағы бір айта кетерлігі, суды емдік мақсатта пайдаланатын болсаңыз қайнатылмаған су ішу керек. Мәселен, мамандар  бұлақтың немесе құдықтың суы болса және оның таза екеніне көзіңіз жетіп тұрса қайнатпай ішуге болатынын айтады. Немесе фильтр сүзгісінен өткен суды да қайнатпай-ақ бал қосып ішуге болады. Бал қосылған су адам ағзасын сергітіп, күш-қуат береді.

Интернеттен алынғанИнтернеттен алынған

Суды міндетті түрде аш қарынға ішкен дұрыс.

Лимон қосылған жылы су

Лимон қосылған жылы судың пайдасы – құрамында аскорбин кислотасының болуында. Нәтижесінде мұндай сусын ағзаның иммундық жүйесін нығайтады. Сонымен қатар лимон қосылған су қан құрамындағы қантты азайтып, адамды сергітеді. Организмге қуат береді.

Интернеттен алынғанИнтернеттен алынған

Адам қанша литр су ішу керек?

Күніне 2 литр су ішу керек дегенді ұмытыңыз! Адамның салмағына, физикалық белсенділігіне және өмір сүру салтына қарай, әр адамның нормасы әр түрлі болады. Мысалға, 50 килограмм кісіге 1,5 литр ішу қажет. Яғни, 1 кг-ға 30 мл. Оянғаннан кейін бір стақан ішкен дұрыс. Содан соң, тамақ ішер алдында 20-30 минут бұрын немес тамақтанғаннан кейін 3 сағаттан кейін суды ішуге кеңес беріледі. Денсаулықты жақсарту үшін шәй, кофе, сүт, айран емес, тек қана таза суды пайдалану керек. Шөлдесеңіз, шыдап тұрудың қажеті жоқ, бірден су ішіңіз.



Еlorda Aqparat Telegram парақшасына жазылыңыз 




Наверх