Құрылыс жұмыстары көлемі соңғы 10 жылда екі есеге өсті

17 қаңтар, 10:413357
Автор: Elorda Aqparat
фото интернеттен алынды фото интернеттен алынды

Қазақстанда құрылыс саласы экономиканың маңызды секторларының бірі әрі инвестиция құюға тартымды бағыттардың бірі болып табылады. Аталған сектордың үлесіне Қазақстанның ЖІӨ-нің 5,6%-ы тиесілі, ал жұмыспен қамту мәселесі бойынша құрылыс секторы ел тұрғындарын 620 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтып отыр.

2015 жылдың әлемдік дағдарысынан кейін байқалатын, Қазақстанның бірқалыпты экономикалық өсімі тенденциясы, елде құрылыс секторы дамуына оң әсер етті. 2012 жылдан бастап атқарылған құрылыс жұмыстарының номиналды көрсеткіші орташа есеппен 10%-ды құрады. Бұл ретте ең жоғары өсім 2016 жылы тіркелген – 13,9%. Бұған себеп ЭКСПО-2017 Халықаралық көрме нысандарының құрылысы болды.

2019 жылдың он бір айының қорытындылары бойынша елде 3,7 трлн теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары атқарылған, бұл көрсеткіш 2018 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 13,6%-ға жоғары көрсеткіш. Өсім қызметтің барлық негізгі түрлерінде байқалады – құрылыс-монтаждау жұмысының көлемі 11,4% (3,2 трлн теңгеге дейін), күрделі жөндеу өсімі 16,9% ( 279,3 млрд теңгеге дейін), ағымдағы жөндеу жұмыстары көлемі – 15% (265,6 млрд теңгеге дейін) артқан.

Ең ауқымды жобалар қатарында жөнелту құрылғылары құрылысы (газ құбырлары, мұнай құбырлары және т.б.) бар. 2019 жылдың он бір айында бұл саладағы атқарылған жұмыс әрі қызмет көлемі 879,7 млрд теңгені құраған.

Сол сияқты ауқымы үлкен жобалар санатына автожол, теміржол жолдары мен аэродромдардағы қону жолақтарын салу және оларды жөндеу жұмыстары жатқызылып отыр. Оның жалпы көлемі - 619,7 млрд теңгені құраған. Ауқымды жобалар үштігіне сонымен бірге өнеркәсіптік ғимараттарды салу және оларды жөндеу жұмыстары еніп отыр – бұл сала бойынша құрылыс көлемі 522,2 млрд теңгені құраған.

Ал құрылыс көлемі барынша аз салаларға ауыл шаруашылығы нысандары (26,6 млрд теңге) және қонақүйлер мен мейрамханалар құрылысы (24,7 млрд теңге) жатқан.

Құрылыс жұмыстарының жартысынан астам көлемі 4 өңірге – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстарына тиесілі болып отыр

Сонымен қатар нарықтың бестен бір бөлігі Атырау облысындағы құрылысқа тиесілі екені белгілі болды. 2019 жылдың он бір айында бұл өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 756,8 млрд теңгені құраған.

Құрылыс көлемі бойынша сол сияқты Нұр-Сұлтан қаласы (457,8 млрд теңге), Қарағанды облысы (398,1 млрд теңге) және Алматы қаласы (297,7 млрд теңге) көш бастап тұр. Өзге аймақтар бойынша бұл көрсеткіш 64 млрд теңге мен 247 млрд теңге көлемі аралығын қамтыған.

Десе де Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс қарқыны кеміген өңір қатарына еніп отыр – бір жыл ішінде қаладағы құрылыс көлемі 1,6%-ға төмендеген. Сол сияқты құрылыс қарқыны барынша бәсеңдеген аймақтар ретінде – Шымкент қаласы (-70,7%) мен Маңғыстау облысы танылып отыр.

Ал құрылыс қарқыны керісінше жоғарылаған аймақтарға Қарағанды (+105%) және Қызылорда облыстары (87%) жатқызылып отыр. Өңірлерде аталған көрсеткіштердің артуының басты себебі – «Сарыарқа» газ құбырының салынуымен байланыстырылуда.

Құрылыс бағасының сақталу қалпында, 3,1 мыңнан астам тұрғын-үй ғимараты пайдалануға берілген

2019 жылдың он бір айында 39,5 мың тұрғын-үй нысандары пайдалануға берілген. Олардың жалпы көлемі 11,1 млн ш.м. құраған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 83,2 мың ш.м-ге артық көрсеткіш.

Құрылыс қарқыны белсенді жүргізіліп келе жатқан аймақтарға Алматы (1,9 млн ш. м.) және Нұр-Сұлтан қалалары (1,4 млн. ш. м.), сондай-ақ Маңғыстау облыстары (1 млн. ш. м.) жатады. Алайда Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс көрсеткіші бірден 37,5%-ға төмендеген жалғыз аймақ деп танылды.

Құрылыс көрсеткіші ең жоғары аймақ Түркістан (өсім 32,1%-дан 495 мың. ш. м-ге дейін), Солтүстік Қазақстан (өсім 23,8%-дан 154 мың ш. м-ге дейін) және Алматы (өсім 22,6%-дан 837,2 мың ш. м-ге дейін) облыстарына тиесілі болған.

Қаржыландыру түрі бойынша тұрғын-үйлердің негізгі көлемі салушылардың жеке қаражаты есебінен салынған. Осылайша бұл көрсеткіш - 9,9 млн ш.м-ді құрады. Ал бюджет қаражаты есебінен шамамен 1,1 млн ш.м. тұрғын-үй пайдалануға берілген.

Кәсіпорындар саны бойынша құрылыс секторы тек сауда саласынан артта қалып отыр

439,8 мың тіркелген кәсіпорын арасынан 59 мыңы құрылыс секторымен қамтамасыз етіліп отыр, олардың ішінде 37,8 мыңы белсенді деп табылған. Құрылыс кәсіпорындарының көпшілігі қарамағында 50 адамы бар, кішігірім компаниялар болып табылады. Сол сияқты елде орташа 359 және ірі 153 компания бар.

Құрылыс фирмаларының көп бөлігі Нұр-Сұлтан (14,4 мың кәсіпорын) және Алматы (11,4 мың) қалаларында орналасқан. Одан кейін рейтингте Қарағанды облысы (4 мың), Шымкент қаласы (3,5 мың) және Маңғыстау облыстары (3,1 мың) тұр. Кәсіпорындардың ең аз көлемі Қостанай (1,4 мың), Түркістан (1,2 мың) және Солтүстік Қазақстан (748) облыстарында тіркелген.

 

FinReview





Наверх