04 ақпан 2020, 10:21Uyat Emes: қазақстандық жасөспірімдерді жыныстық сауаттандырудың қандай жүйесі керекБҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (UNFPA) жүргізген зерттеулерге сүйенсек, қазақстандық жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасы орташа есеппен 16,5 жаста болады екен. Алайда «ересек өмірге» мұншалықты ерте асыққанына қарамастан, олардың көбі өз тәнін қорғау, қалаусыз жүктіліктен сақтану, жыныстық жолмен жұғатын аурулар секілді дүниелерден жете хабарсыз болып шықты. Бұл проблеманың себебі не, жыныстық сауат жөніндегі аңыздар қандай және неліктен мектеп психологы мен ата-ананың осы мәселедегі рөлі мардымсыз – мұның бәрі жуырда елордада өткен «PaperLab» пікірталас алаңында талқыланды. Аталған іс-шараға Елорда Инфо тілшісі де барып-қайтқан болатын.