#BizBirgemiz: Елордада челлендж-бастамаға қолдау білдірушілер қатары артып келеді

24 қаңтар, 17:451625

«Біз Біргеміз» челлендж-бастамасы елорда көшелерін қардан тазартуға және коммуналдық қызмет жұмысшыларына қолдау көрсетуге бағытталған. Оған қатысып, қала көшелеріндегі қарды күреуге бір кісідей атсалысып жатқан азаматтар саны күн сайын артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілер жылындағы жаңа бастаманы қолдап, әлеуметтік желіде жазба қалдырғаннан кейін челленджге қатысушылар қатары тіптен артты, деп хабарлайды Елорда Инфо.  

Еріктілер жылы аясында Сарыарқа ауданында «Біз біргеміз!» акциясы бастау алды. Nomad City Hall, "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы, Qazaqstan Team республикалық жастар ұйымының ұжымы мен Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері "Агроқалашық" тұрғын үй алабындағы қарт адамдар тұратын бірнеше мекенжайлардың ауласын қардан тазартқан. Акцияға тележүргізуші Асхат Садырбай мен әзілкеш, әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов қатысып, қайырымдылық эстафетасын өнерде жүрген әріптестеріне жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл игі істі қолдап, twitter-дегі парақшасында «Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама», деген жазба қалдырған.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина да челлендке қатысып, әлеуметтік желіге елорданың орталығында қар күреп жатқан сәтінен фото жүктеген.

фото әлеуметтік желіден фото әлеуметтік желіден

«Құрметті ағайын, биыл шынында да қар көп болды және тоқтамай жауып тұр. Әрине, коммунальщиктерге оңай болмады, күнде жандарынан өтіп жүріп, терлеп-тепшіп қар күрегендерін көріп, аяймын. Сондықтан, субботник жасап бәріміз ең болмаса өз үйлеріміздің жанындағы қарды күреуге көмек берсек қалай, ағайын?!», деді депутат.

фото astana.gov.kz фото astana.gov.kz

Челендж-бастамаға жекелеген азаматтар ғана емес, бүкіл ұжым болып қатысып жатқандар да бар. «Астана LRT» компаниясының қызметкерлері «Біз біргеміз» қар тазалау акциясына қатысты. Ондаған қызметкерлер «Асыл Бөбек» және «Мөлдір» балабақшаларының, сондай-ақ Орталық кассаның аумағын қардан тазалауға шықты. Бұл орындар кездейсоқ таңдалған жоқ. Мысалы, «Асыл бөбек» балабақшасына ерекше қажеттіліктері бар балалар барады, олардың ішінде мүгедек арбасында отыратын балалар да бар. Қатты бораннан кейін, балабақша аумағын қар басып, ата-аналар үшін баланы көтеріп подъезге жету қиындады.

фото astana.gov.kz фото astana.gov.kz

Боранның салдарынан қалың түскен қарды тазалау көп уақыт алатын еді, өйткені мекемеде қызметкерлер көп емес, ал ата-аналар мен балалар үшін таза жол қазір және тез арада қажет болды. Орталық кассамен де осындай жағдай. Кассаға келушілердің ішінде зейнеткерлер, мүгедектер және көп балалы аналар бар. Бірлескен күш-жігермен бірнеше сағат бойы аталған мекемелер аумағы тазартылды. Компания қызметкерлері осындай тамаша акцияға қатысуға, сондай-ақ аз ғана болса да, қар тазалау жұмыстарына өз үлестерін қуана қосты.

фото astana.gov.kz фото astana.gov.kz

 «Хабар» телеарнасының ұжымы игі бастамаға үлес қосқан.  Олар қар тазартумен қатар аязды күндері жолаушыларды тегін тасымалдап жүр.

Челленджге қатысушылар бір –біріне эстафета жолдап, шараны жалғастырып жатыр. «Алматы» ауданы әкімдігі өздеріне жолданған эстафетаны қабыл алды. Әкімдік қызметкерлері қала тұрғындары және қызмет көрсетуші ұйыммен бірге Мұстафин көшесіндегі аулалық аумақты қардан тазалады. Белсенді қызметкерлер елорда жастары бастаған челленджді қостап, #БізБіргеміз хештегімен өзге де мекемелерді науқанға қатысуға шақырды.

фото astana.gov.kz фото astana.gov.kz

фото astana.gov.kz фото astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласы №48 мектеп - лицейі ұжымы да білім ордасының аудасын қардан тазартты. Мектеп қызметкерлері эстафетаны №22 және №30 мектепке қызметкерлеріне жолдаған. Атап өтерлігі бұл челленджге қатысып жатқан ұжымдардың ішінде мектептердің қарасы басым. Қазірдің өзінде бірқатар білім мекемесінің қызметкерлері қар күреп, әлеуметтік желілерде фото мен видео есептерін жариялаған.

Бірнеше күннен бері тұрғындар белсенділік танытып, әрқайсысы өзінің үйінің ауласы мен жолдарды, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазартып жатса, бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының ұжымы Сарыарқа ауданының тұрғыны жалғыз басты қарт әженің үйінің алабын қалың жауған қардан тазартты. Сондай-ақ, театр ұжымы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері мен «Қазақконцерт», «Астана Опера» театрына бұл эстафетаны жолдайды.

фото әлеуметтік желіден фото әлеуметтік желіден

фото әлеуметтік желіден фото әлеуметтік желіден

Қала тұрғыны Досым Байдрахманов та бұл бастамадан шет қалмай, қолына күрек алып, ауласын тазартуда.

фото әлеуметтік желіден фото әлеуметтік желіден

«Биыл қар қалың түсуде. Есіктің алдын, ауланың ішін айтпағанда, кең көшелердің де қары жөнді тазартылмай жатыр. Омбы қардан кішкентай бала түгілі, ересек адам да сүрінеді.Бүгін құдайы көршімнің бастамасымен есіктің алдының қарын тазарттық. КСК- дан қайран жоқ. Күрек пен сүймен аман болсын). Бүгінгі жүмысты көршілер əзілдесіп: "Өз есігіңнің алдын өзің тазарт" челленджі деп атадық. Жалғастырамын десеңіз - мархабат)). Бұл челлендждің пайдасы зор - ішкен тамағыңыз бойыңызға тарап, шаршап ұйықтауға септігін тигізеді). Бүгінгі кеш тамаша болды.Тамаша - тамаша емес бірақта ол, бір мезгіл сүймен, күрек ұстамаса», деп жазды ол facebook парақшасында.

фото әлеуметтік желіден фото әлеуметтік желіден

 

Наверх