Қоғам

Тәуелсіздік күніне орай балалар арасында сурет көрмесі ұйымдастырылды

10 желтоқсан, 13:3010524
Автор: Elorda Aqparat
Фото Полиция департаментінен алынды Фото Полиция департаментінен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында балалар суретінің көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Көрмеге ішкі істер органдары қызметкерлерінің балалары, сондай-ақ қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан қызметкерлердің балалары орындаған жұмыстар қойылды.

Фото Полиция департаментінен алындыФото Полиция департаментінен алынды

Фото Полиция департаментінен алындыФото Полиция департаментінен алынды

Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың адамгершілік-патриоттық, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту, жас ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, балаларды жалпыазаматтық құндылықтарға және мәдениетке тарту, сондай-ақ балалардың сурет шығармашылығын дамытуға және көпшілікке насихаттауға ықпал ету.

Конкурсқа 70-тен астам бала қатысты. Конкурс жеңімпаздары дауыс беру арқылы анықталатын болады, ол үшін арнайы дауыс беру жәшігі қойылған. 

Конкурс 7-9 жас, 10-12 жас және 13-16 жас санаттары бойынша бағаланады.

«Әрбір сурет өзінше ерекше, өзінің берер мағынасы бар және ерекше махаббатпен салынған, балалардың жұмыстарынан олардың таңдап алынған тақырыпқа деген ерекше көзқарастары байқалады. Бұл конкурс балалардың армандары мен қиялының шексіз екенін көрсетіп отыр. Олардың жұмыстарындағы тәуелсіздік тақырыбы сан қырынан көрініс тапқан. Балалар арасында ұйымдастырылған ең үздік сурет конкурсының қорытындысын 12 желтоқсанда комиссия дауыс санын санау арқылы шығарады. Ең үздік жұмысты таңдау туралы комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады», - делінген хабарламада.

Балалар суреті конкурсында 1-3-орындарды иеленген жеңімпаздар, сондай-ақ «Ең шығармашыл сурет», «Ең көркем сурет», «Ең мазмұнды сурет» аталымдары бойынша жеңімпаздар 13 желтоқсан күні өтетін Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шарада марапатталатын болады.

Фото Полиция департаментінен алындыФото Полиция департаментінен алынды




Наверх