Тұрғын үй алаптары

«Столичный-2» проблемалық кешені тамыз айында беріледі – А.Қайсағалиев

13 наурыз, 17:252363
Фото авторы Сұлтан Сейітов Фото авторы Сұлтан Сейітов

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев «Столичный-2» тұрғын үй кешені құрылысының барысын тексерді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Қазіргі уақытта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде, инженерлік желілер жалпы көлемде 80%-ға орындалды. Бүгін екінші мұнараға жылу торабы орнатылады, яғни батареялар, радиаторлар бәрі қойылды. Наурыз айының соңына дейін сыртқы жұмыстарын аяқтаймыз. Сәуір айында декоративті сылауды бастаймыз және сол айдың соңына дейін сыртын бояймыз. Шыны пакеттер мен витраждар сатып алынды, сыртқы бөлігін шынылау басталды. Тапсыру мерзімі – 2020 жылдың тамыз айы. Бірақ біз алғашқы кезекті ертерек тапсыруды жоспарлап отырмыз. Екінші кезек бойынша құрылыс келесі айда жоспарлануда. Бұл бөлігі 2021 жылдың екінші тоқсанында тапсырылады», – деді «Meridian story LTD» ЖШС Бас директоры Роман Шалуткин.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Алтынбек Қайсағалиев аталған тұрғын үй кешенінің проблемалары туралы айтып, олар шешілетіндігін мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қала әкімдігі проблемалық үйлердің құрылысын аяқтау бойынша жұмыс жүргізуде. Алданған үлескерлердің мәселелерін шешу тұрақты бақылауда. Күн сайын біз барлық проблемалық нысандарды аралап шығамыз. Бүгін біз «Столичный-2» ТК құрылысына бардық. 8 жыл бойы тұрғындар өз пәтерлерін күтумен жүр. Бұл тұрғын үй кешенінде бірнеше проблема бар. Біріншісі – бұл үйде 190 пәтер, ал үлескерлерге 230 пәтер сатылыпты, яғни үлескерлер саны пәтер санынан артық. Екіншісі – екі, үш мәрте сатылған баспаналар. Бүгінде мемлекет осы проблемалық нысандарды шешумен айналысып жатыр. 2019 жылы 10 үй пайдалануға берілді, биыл тағы 20 үй пайдалануға беріледі. «Столичный-2» кешені – біз жазда аяқтауды жоспарлап отырған нысандардың бірі. Қаржыландыру бар, мердігер бар, инженерлік коммуникациялар бойынша барлық мәселелер шешілді. Тамыз айына дейін аталмыш нысанды тапсыруды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов

Әкім орынбасары атап өткендей, бірінші кезекте пәтер ала алмаған үлескерлер қоныстана алатын қосымша екі мұнара салынады.

«Бірінші кезекте пәтер ала алмаған адамдар екінші кезекте басқа мұнараларда пәтер алады», – деді ол.

«Феникс – Столичный» тұрғын үй-құрылыс кооперативі (ТҚК) төрағасы Жанар Дүйсенова әкімдік пен мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдіріп, атқарушы органдардың бірлескен еңбегі құрылысты басынан жүргізгенін атап өтті.

«Біздің тұрғын үй кешенінің жұмысы 2012 жылы басталған. Алайда алаяқ құрылысшылардың кесірінен соңына жетпеді. 2015 жылы әкімдіктің ұсынысымен біз ТҚК құрдық және ведомствоаралық комиссияның бізге ұсынған алгоритмі бойынша үйді аяқтауға болатын мүмкіндік табылды. Осы алгоритм бойынша жұмыс істедік. Қазіргі көрсеткішіміз – бұл барлық атқарушы органдармен күнделікті атқарған еңбегіміздің нәтижесі. Біз толық құжаттар пакетін жинағаннан кейін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына ендік», – деді Ж.Дүйсенова.

Айта кетерлігі, үлескерлер құрылыс барысын өздері бақылайтынын ерекше атап өтті, сондай-ақ мердігерге атқарған жұмысы мен сабырлығы үшін алғыстарын білдірді.

Фото авторы Сұлтан СейітовФото авторы Сұлтан Сейітов




Наверх