Қоғам

Нұр-Сұлтандағы карантин қашан аяқталады

31 наурыз, 13:11532
Фото қалалық әкімдіктен алынды Фото қалалық әкімдіктен алынды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тікелей эфир арқылы Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қаладағы карантиннің қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бұл туралы айтуға әлі ерте. Әлбетте, бұл карантин де өтеді. Қалыпты өмірге қайтып ораламыз. Бірақ біз сол күнге тезірек жету үшін тәртіпті сақтап, үйде отыруымыз керек. Коронавирус індетін тек оқшаулану арқылы ғана ауыздықтай аламыз. Сол үшін де карантин енгізіліп отыр. Жалпы, мұндай оқиға Қазақстанның тәуелсіздік тарихында алғаш рет орын алып отыр. Мұның бәрі жай нәрсе емес. Соны түсіну керек. Қазір бір-бірімізді сынайтын емес, бірлігіміздің сыналатын кезі. Сондықтан дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және өз-өзімізге көмектесіп, қойылған талапты орындауымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк - жеңіл» дегендей, бұл кеселді барлығымыз бір жұдырық болып жеңіп шығамыз. Біз біргеміз», – деді Алтай Көлгінов. 

Қала басшысы тұрғындарға үйде отырғанда уақытты қалай өткізу керектігі туралы кеңес те беріп өтті. 

«6 сәуірден бастап оқушыларға онлайн сабақ басталады. Үйде отырғанда отбасымызға, балаларымызға көбірек көңіл бөліп, олардың сабағына көмектесейік. Шығармашылықпен айналысыңыздар. Жалпы, күнделікті өмірде бәріміз бір жаққа асығып жүреміз. Ал бұл уақыт - сол асығыстықтың орнын толтыратын кезең. Осы уақытты тиімді пайдаланыңыздар», – деді қала басшысы.




Наверх