Қоғам

Бұған дейін онлайн оқытуға дайындық болған жоқ, ол заңда да қарастырылмаған – министр 

31 наурыз, 13:54784
Автор: Elorda Aqparat
Фото интернеттен алынды Фото интернеттен алынды

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн оқытуда орта білім беру жүйесінде қиындықтар туындап отырғанын айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қашықтан оқытуға көштік дегеннен гөрі оның мазмұнына көңіл аударуымыз керек. Жалпы, 5 миллионға жуық оқушы мен студент қашықтан білім алатын болады. Әрине, алдағы уақытта осы онлайн оқыту жүйесінде оқушылар тарапынан да көптеген сұрақ туындауы мүмкін. Бірқатар мәселелер де болатыны белгілі. Бізде қазір әсіресе, орта білім беруде қиындықтар туындап тұр. Өйткені бұған дейін онлайн оқыту жүйесі болмаған. Ол туралы заңда да қарастырылмаған. Техникалық дайындық та болған жоқ. Интернет платформалар да алдын ала қарастырылмағанын жақсы білесіздер. Сондықтан қазіргі уақытта орта білім беру жүйесін басты назарға алып отырмыз. Техникалық дайындық, интернет желісінің қажеттілігі, мұғалімдердің цифрлық сауаттылығы, техникалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі – үлкен мәселе. Алайда «ауруын жасырған өледі» демекші, осы мәселелердің барлығынан хабардар болып, оны шешудің маңызды жолдарын қарастыратын боламыз», – деді Асхат Аймағамбетов.




Наверх