Қоғам

Аймағамбетов: Онлайн оқыту – ұстаздар мен ата-аналарға, министрлікке үлкен емтихан 

31 наурыз, 14:091763

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн оқыту әсіресе шалғайдағы ауыл мектептері үшін күрделі екенін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Әлем елдері бойынша 850 миллионға жуық оқушы онлайн оқуға көшті. Ешбір елде сабақ тоқтатылған жоқ. Барлығы осындай қадамға баруға мәжбүр болып отыр. Сондықтан біздің елдегі жағдайға да түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Ұстаздарға да, ата-аналарға да, барлық білім беру мекемелеріне де, министрлікке бұл – үлкен емтихан. Сол себепті келеңсіздіктер болса, оған шыдамдылық таныту керек. Ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Асхат Аймағамбетов. 

Оның айтуынша, әсіресе шалғайдағы ауыл мектептерінде қашықтан оқыту күрделі болатынын жеткізді. Алайда ол бойынша тиісті жұмыстың басталғанын атап өтті.




БАСҚА ДА ЖАҢАЛЫҚТАР + 3
Наверх